• Gastro нұсқаулық

    Біздің аспаздар

    Кеңестер

    Рецептер

  • Рестогид

    Мейрамханалар

  • Borjomi тағаммен

  • Гастрономиялық іс-шаралар

Рецептке оралу

Аспаздық блогер

Софо Джанхотели

Софо Джанхотели
uploads/სოფო-ჯანხოთელი-share-image-chefმ-bf50502f.jpg

«Сіздің сүйікті әуестігіңіз сіздің бизнесіңізге айналса, бұл бақыт.

Менің кондитерлік іске деген сүйіспеншілігім сонау балалық шаңымнан басталды. Менің анам пісіруді өте жақсы көретін, ал мен оған әрқашан көмектесуге тырыстым. Кейін мен өзім пісіре бастадым, бұл маған үлкен ләззат сыйлайтын.

Мен психология факультетін бітірдім, бірақ дегенмен менің шын сүйген ісім кондитерлік екенін түсіндім, сондықтан кәсіптік училищеге түсіп, бір жарым жыл оқыдым да, үлкен білім мен тәжірибе алып шықтым. 

Көптеген жылдар бойы әртүрлі салаларда жұмыс істегеніме қарамастан, менің жүрегім бәрібір кондитерлік істі қалап тұрды.

Мен рецепттермен жиі бөлісіп, достарыма әртүрлі тағамдар мен пісірмелерді әзірлеуге көмектесетінмін. Сол кезде менде аспаздық блогын құру идеясы пайда болды.

Достарымның талабымен және олардың көмегімен мен осыны іске асырдым. «What's Sopo Cooking» блогында мен жазылушылармен егжей-тегжейлі рецепттеріммен және әртүрлі аспаздық кеңестеріммен бөлісемін.

Мен ешқандай тәжірибесіз, нөлден бастадым. Мен түсіруді және монтаждауды білмейтінмін, бірақ уақыт өте келе үйрендім, ал бүгінде мен өз ісімнен үлкен ләззат алудамын. Алда әлі ұзақ жол бар, сондықтан мен әрбір жаңа рецептпен алға ұмтылып, жазылушыларыма жаңа мәзірлерімді қуана ұсынуға тырысамын. 

Мен жаңа кедергілерге тап болып жатқандардың барлығына, әсіресе ісін жаңа бастап жатқан аспаздар мен кондитерлерге берілмеңдер, алдарыңа мақсат қойыңдар және өздеріңді сүйікті істеріңе апаратын жоспарды майда қадамдап орындаңдар дегім келеді».

Аспаз рецептері

0 Жалпы рецепттер

Навигация

  • Жеке деректерді өндеу
  • IDS BORJOMI-ДІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сілтемелер

  • Borjomi дистрибьюторы болыңыз
  • Кері байланыс

Developed By Leavingstone

Developed By Leavingstone