• Gastro нұсқаулық

    Біздің аспаздар

    Кеңестер

    Рецептер

  • Рестогид

    Мейрамханалар

  • Borjomi тағаммен

  • Гастрономиялық іс-шаралар

Театр

uploads/ogp-6222-3887a7e9.jpg
uploads/ogp-6222-3887a7e9.jpg
uploads/ogp-6222-3887a7e9.jpg
facebook
Instagram

Ұдайы қызықты перформанстарымен көпфункционалды павильон

Грузин тағамдары

Егер сіз өзіңізді тамаша асүймен және қызмет көрсетумен қарсы алып, бойыңызды еркін ұстайтын, демалатын және көңіл көтеретін мүмкіндікті іздесеңіз, онда Сіз дәл сол жерге келдіңіз, «Театр» -  дәл сол жоғарыда аталғандардың бәрін біріктіретін көпфункционалды кеңістік. Шоу, гастрономия және озық сервис - демалыспен рахаттану және үйге ұмытылмайтын эмоциялармен және естеліктермен оралу үшін тағы да не қажет? Өткен ғасырдың басында пайда болған, кейіннен әлдеқалай жоғалып кеткен бағыт бір ғасыр өте қайта жаңғырды -  Тбилисиде бірегей орын - ұдайы түрленіп отыратын бір үлкен Dinner Theatre көпфункционалды павильоны пайда болды.

«Dinner Theatre»-дың артында ұзақ жылдар грузин мәдениетіне жаңа серпіліс әкелетін және өнердің түрлі жанрларын жаңаша ұсынатын әлдебір орын ашуға дайындалған үлкен энтузиазмы бар адамдар тұрды. Олар бұл істің үдесінен шықты деп айтуға болады — «Театр» үлкен шытырман оқиғалардың орталығына айналды — би өнері қанатын жайды, музыкалық эксперименттер басталды. Жаңа музыкалық және театрлық қойылымдар дүниеге келді — кей кезде ұмыт болған грузин сықақтары қайта жаңғырды, кей кезде әлемдік хитқа айналған мюзиклдердің әсерімен «Nine» немесе «Mamma Mia» әуендеріне грузиндік төлтума нұсқалар жасалды. «Театрдың» тарихы жазыла бастады. Бұл кеңістік грузиндік және шетелдік келушілердің сүйікті орнына айналды. Олар мұнда демалып, ойын-сауықпен рахаттанып, дәмді тағамдардың дәмін татып, өз естеліктерін ерекше богемдік шытырман оқиғалармен толықтыра алатынын біледі.

«Театрдың» көркемдік жетекшісі әрі спектаклдердің қоюшы режиссері Заал Чикобавамен таныс болыңыз. Оның өмірбаянынан сіз көптеген қызықты сәттерді табасыз, олармен танысқаннан кейін сізді оны осы ерекше эстетикалы және мазмұнды театрға нендей нәрсенің алып келгені таңғалдырмайды. Ол бір мезгілде әрі актер, әрі режиссер, әрі продюсер, әрі менеджер, қысқа айтқанда - әрі солдат, әрі генерал. Оған қоса, жобаның бастамашыларының бірі дәл  Заалдың өзі, екі жыл ойлану-толғану мен талқылаулардан кейін, «Цисквили Тобының» жетекшілерінің арқасында, ол «қол» жинай алды. Бұл топты ол бас қолбасшы секілді өзі басқарады.

«Театрдағы» гастрономия   -  бұл да қойылым. Жас та суырып салу қабілетін иеленген бас бренд аспазы Алекс Натадзенің әр тағамы -  бұл тек жай дайындалған ас емес, ол шоудың тұжырымдамасын көрсетеді және оның бір бөлшегіне айналады. Міне сондықтан, перформанс жоспарланған кезде, онда бас бренд аспазы мен аспаздардың үлкен командасы болады. Осылайша, әрбір стартер, негізгі тағам мен тоқбасар «Театрдағы» әр іс-шараның сипатының, стилі мен жанрының бөлшегіне айналады.

Алекс Натадзе «Театрдың» асүйінің сапасы өзгеріссіз қалғанымен, «Цисквили» мейрамханаларының басым түрде дәстүрлі грузиндік тағамдарынан ерекшеленетінін жасырмайды. Бас бренд аспазы өзінің командасымен бірге қонақтарды таңғалдырып үлгерді. «Театрдың» асүйі туралы әңгіме қозғалып, әлеуметтік желілер тағамдардың фотосуреттерімен жайнап кетті. Мақсатқа қол жетті -  гастрономия мен қойылым үйлесімде. Концептуалдық гастро-театрлық премьера сәтті өтті.
«Театрдың» бүкіл командасы «Грузин шоуының» премьерасына дайындалады. «Грузин шоуы» - би, ән мен гастрономия арқылы айтылатын Грузия тарихы.

Егер сіз грузин тарихымен және мәдени мұрасымен танысқыңыз немесе үздік музыкалық және и өнерінің үлгілерімен рахаттанғыңыз келсе, онда жуырда сізде мұндай бірегей мүмкіндік пайда болады. «Театрдың» көпфункционалды кеңістігі өз қонақтарына жаңа әрі бірегей қойылым ұсынады. «Грузин шоуы» - қойылым осылай аталады, ол жетекші әртістер мен «Сухишвили» ансамблінің қатысуымен сіздің алдыңызда Грузияның сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін тірілтеді.

Шоу бағдарламасында «Шен хар венахи», «Чакруло», «Мравалжамиери», «Мухамбази» әндері мен басқа да грузин халық және классикалық әндері жанды дауыста шырқалады. «Театрдың» кеңістігінде грузин ұлттық «Сухишвили» балеті қонақтарға би өнерінің үздік үлгілерін ұсынады. Қойылымды жасауға жазушы Ака Морчиладзе де қатысқан. Ол «Грузин шоуына» арнап арнайы мәтіндерді жазды. Қойылым аудиовизуалды орнатымдармен сүйемелденетін болады, бұл ойын-сауықты одан да күшті әсерлі ете түседі.

Орналасқан

Грузия

Мейрамхананың рецептері

0 жазбаларының 0 көрсетілуде

Барлығы

Негізгі тағам

Десерт

Тіскебасар

Стартер

Ештеңе табылмады

Пікірлер

Most Recent

Навигация

  • Жеке деректерді өндеу
  • IDS BORJOMI-ДІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сілтемелер

  • Borjomi дистрибьюторы болыңыз
  • Кері байланыс

Enhanced by

Enhanced by