• Gastro нұсқаулық

    Біздің аспаздар

    Кеңестер

    Рецептер

  • Рестогид

    Мейрамханалар

  • Borjomi тағаммен

  • Гастрономиялық іс-шаралар

Мейрамханаға оралу

Аспаз

Сазонов Андрей

Shiroyama

Жұмыс істейді

Shiroyama

Мен — Ақтаудағы Shiroyama мейрамханасының бас аспазы, ал гастрономия мен үшін өмір ісіне айналды. Менің ас үйдегі еңбек жолым 2013 жылы колледждегі практикада басталды. Кәсіби орта мені өзінің динамикасымен, тәртіптілігімен және эмоциялар сыйлайтын тағамдар дайындау мүмкіндігімен бірден баурап алды, бұл менің бұдан арғы жолымды анықтады.

Мансабымды "Ассорти" мейрамханалар желісінде ыстық цех аспазы лауазымынан бастадым, бұнда мен негізгі дағдыларды меңгердім және ас үйдің іргелі процестеріне үйрендім. Келесі маңызды кезең "Barashka" мейрамханасы болды, онда мен су-шефқа дейін жетіп, басқару тәжірибемді кеңейттім, техникамды жетілдірдім.

Кәсіби өсу Shiroyama мейрамханасында жалғасты, онда мен бас аспаздың шақыруымен су-шеф лауазымына қабылдандым. Уақыт өте келе, тәжірибе мен жоғары берілгендіктің арқасында, мейрамхананың ас үйін бас аспаз ретінде басқардым.

Бүгін мен еуропалық, азиялық және италиялық тағамдардан шабыт алып, мәдениеттер мен техникалардың қиылысында қызықты тағамдар дайындаймын, өз стилімді дамытып келемін. Мен үшін аспаз мамандығы - бұл ең алдымен зор еңбек және өз ісіне деген толық берілгендік, мұнда әр нәтиженің артында көп жылдық жұмыс, тәртіп және гастрономияға деген сүйіспеншілік жатыр.

Аспаздықта су - нәтиже тікелей байланысты болатын негізгі элементтердің бірі: оның негізінде сорпалар, тұздықтар, қамыр және маринадтар дайындалады. Borjomi минералды құрамы ингредиенттердің дәмін тереңірек ашуға, тағамның шырындылығы мен құрылымын сақтауға, тағамдарды мәнерлі әрі теңдестірілген етуге көмектеседі.

Аспаз рецептері

0 Жалпы рецепттер

Навигация

  • Жеке деректерді өндеу
  • IDS BORJOMI-ДІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сілтемелер

  • Borjomi дистрибьюторы болыңыз
  • Кері байланыс

Enhanced by

Enhanced by