Карри тұздығы

1 мин. оқыңыз

Карри тұздығы

1 мин. оқыңыз

Карри тұздығы

Үнді тағамы бірегей, оған бүкіл әлем қызығады.

Осы елдің гастрономиясын еске түсіргенде ең алдымен - карри тұздығы ойға келеді. Бұл тұздықтың көптеген рецептілері бар, біз де оны дайындап, нәтижесін сенімді оқырмандарымызбен бөлісуді шештік.

Ингредиенттер: 

  • карри дәмдеуішінің құрғақ қоспасы - 2 ас қасық.
  • кокос жоңқасы - 2 ас қасық.
  • жасыл алма - 2 дана.
  • пияз - 2 дана.
  • өткір бұрыш - 1 дана.
  • сәбіз - 2 дана.
  • сарымсақ - 2 тіс
  • сары май - 0,5 қорап
  • тауық сорпасы - 0,5 л
  • сүт - 200 мл
  • тұз - дәміне қарай 


Дайындау тәсілі: 

Сары майды табада ерітіп, кесілген пиязды, сәбізді, сарымсақты, қызыл бұрышты қуырыңыз. Соңында алма қосыңыз.

Сүт пен кокос жаңқасын шайқаңыз. Көкөністерге кокос сүтін құйыңыз. Дәмдеуіштер мен тұзды қосыңыз. Тауық сорпасын қосып, отта 40 минут қайнатыңыз.

Тұздықты ет, тауық, күріш немесе көкөністермен бірге беруге болады.

Пікірлер