Бренд-шефтен тағамның мінсіз дәмінің сыры
2 мин. оқыңыз
Бренд-шефтен тағамның мінсіз дәмінің сыры

Менің басты кеңесім - ең қарапайым ингредиенттерді қолдана отырып, тағамды сүйіспеншілікпен дайындаңыз. Деликатестерді кез келген адам әзірлей алады, ал қарапайым әрі үйреншікті тағамды шынымен дәмді ету - тек санаулы аспаздардың ғана қолынан келетін жұмыс.
Көптеген шеф-аспаздармен бірге жұмыс істеген жылдар ішінде мен бір маңызды нәрсені түсіндім: кез келген тағамның сыры сапалы өнімді дұрыс таңдай және іріктей білуде жатыр.
Мысалы, қияр мен қызанақтан жасалған қарапайым үй салатын алайық. Бір қарағанда, оның ешқандай қиындығы жоқ сияқты. Бірақ көпшіліктің басты қателігі - сөреде бірінші көзге түскен өнімді сатып алу немесе арзанырақ нұсқасын таңдау. Бұның орнына шырынды, етті қызанақтар мен қытырлақ, тығыз қиярларды іздеп тауып көріңізші. Нәтижесі соншалықты мінсіз шығады, тіпті өзіңіз де таңғаласыз. Әрине, мейрамхана асүйінде әрқашан өзіндік құн туралы ойлау маңызды, бірақ дұрыс тәсіл қолданса, сапаны жоғалтпай, бәрін қажетті деңгейде іске асыруға болады.
Бұл кеңес кәсіби асүйде жүргендер үшін де, жақындарын қуанту үшін үйде тамақ әзірлеуді жақсы көретіндер үшін де бірдей маңызды. Қарапайым және міндетті түрде сүйіспеншілікпен дайындаңыздар.
Автор:
Капаров Руслан
Пікірлер





